Жанқош Тұраров Мұхаммед Әлидің немересіне үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:20

Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиыны кезінде аңыз боксшы Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолшпен кездесті. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Екі боксшы Лас-Вегастағы әйгілі Top Rank залында жолыққан. Қазіргі уақытта олар осы жерде алдағы жекпе-жектеріне дайындық жүргізіп жатыр.

Жанқош Тұраров кездесуден кейін Нико Әли Уолшқа қатысты жылы лебізін білдірді:

"Әлемге әйгілі аңыз Мұхаммед Әлидің немересі — Нико Әли Уолш. Тарихта аты қалған әулеттің жалғасы. Оған алдағы мансабында үлкен жетістіктер тілеймін", — деп жазды ол.

Нико Әли Уолш туралы

25 жастағы америкалық боксшы орта салмақта өнер көрсетеді. Кәсіби рекорды: 12 жеңіс — 2 жеңіліс — 1 тең (5 КО). Ол — әлемдік бокстың ең ірі тұлғаларының бірі Мұхаммед Әлидің немересі.

Өз кезегінде Жанқош Тұраров кәсіби рингте жеңіліс көрмеген боксшылардың бірі:

  • Рекорд: 29 жеңіс — 0 жеңіліс (20 КО)
  • Салмақ дәрежесі: бірінші жартылай орта салмақ
Реклама
Реклама