Чемпиондар лигасы, бокс пен Бубликтің матчы: Бүгін не көруге болады?
Мәселен, бүгін мадридтік "Реал" мюнхендік "Бавариямен" шеберлік байқасады. Ал Оразбек Асылқұлов Ұлан-Батыр қаласында өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен бокстан күш сынасады.
7 сәуір күні спорт әлемінде бірқатар ірі жарыс өтеді. Күннің басты оқиғалары қатарында Чемпиондар лигасының ширек финалы, бокстан Азия чемпионаты, қазақстандық теннисшілердің матчтары және ел чемпионатындағы шешуші хоккей ойындары бар.
Чемпиондар лигасы: ширек финал басталады
Еуропаның басты клубтық турнирі — Чемпиондар лигасында 1/4 финал кезеңі басталады.
- 00:00 — "Реал" — "Бавария"
- 00:00 — "Спортинг" — "Арсенал"
Бұл матчтар турнирдің басты фавориттерін анықтауға үлкен әсер етеді.
Монте-Карло: қазақстандықтар кортқа шығады
Монте-Карло турнирінде Қазақстанның екі теннисшісі өнер көрсетеді:
- 15:30 — Марин Чилич — Александр Шевченко
- 16:30 — Гаэль Монфис — Александр Бублик
Қазақстан чемпионаты: финалдық серия жалғасады
Pro Hokei Ligasy аясында шешуші матчтар өтеді:
- 19:00 — "Сарыарқа" — "Номад" (финал, 4-ойын)
Серия есебі: 1:2
- 18:30 — "Торпедо" — "Кулагер"
Қола жүлде үшін серияның алғашқы ойыны
Ал бокстан Азия чемпионатының кешкі сессиясы 14:00-де басталады. Бұл кезеңде екі қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін жұдырықтасады:
- 14:30 – 60 келіде Оразбек Асылқұлов өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен жұдырықтасады.
- 15:30 – 90 келіде Сағындық Тоғамбай Өзбекстан өкілі Халимжон Мамасолиевпен айқасады.