Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда қазақстандық файтер жаттығу лагерінен жаңалық бөлісті.

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін жариялады
Sports24.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Хамитов алдағы жекпе-жекке дайындықты бастап кеткенін мәлімдеді. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Тайландтағы жаттығу лагері

Қуат Хамитов Instagram желісіндегі сторисінде Таиландтың Пхукет аралында орналасқан әйгілі Tiger Muay Thai жаттығу лагерінен фото жариялады.

"Келесі жекпе-жекке дайындықты бастадым", — деп жазды ол.

Әзірге қазақстандық файтер кіммен жұдырықтасатынын жария етпеді. Айқастың қашан өтетіні де белгісіз. 

Скриншот

Соңғы жекпе-жегі

Қуат Хамитов соңғы рет 2026 жылдың 15 ақпанында рингке шықты.

  • Турнир: GFC 36 x GBC 4 (Батуми, Грузия)
  • Ереже: бразилиялық джиу-джитсу
  • Нәтиже: жеңіс
  • Қарсылас: Алан Сильва (Бразилия)