Шетелде Санжар Тәшкенбайдың жеңілісі қызу талқыға түсті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:41

Отандасымыз Азия чемпионатында күтпеген жерден үндістандық боксшыға есе жіберіп, жарыс жолын ерте аяқтаған болатын. 

sportarena.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбайдың сенсациялық жеңілісі шетелдік сарапшылар тарапынан қызу талқыға түсіп жатыр. 

Бокс тақырыбын тұрақты жазатын 024boxingcom парақшасы үндістандық Вишванат Сурештің өнеріне жоғары баға берді.

"Вишванат Суреш ширек финалда басты қарсыласы саналатын Санжар Тәшкенбайды жарыстан шығарды. Ол қарсыластарына қарағанда әлдеқайда мықты көрінді", — делінген жазбада.

Сарапшылар бұл нәтижені турнирдегі ең ірі сенсациялардың бірі ретінде бағалады.

Жекпе-жек қалай өтті?

50 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда отандасымыз төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалды. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында нокдаунға түсті. Қорытынды есеп - 5:0. 

Осы жеңістен кейін Вишванат Суреш турнирдегі сенімді жорығын жалғастырып, финалға жолдама алды. Енді ол "алтын" үшін жапониялық Даити Иваимен кездеседі. 

Тәшкенбай — турнир фавориттерінің бірі еді

Санжар Тәшкенбай жарыс алдында басты үміткерлер қатарында болған:

  • Әлем чемпионы (IBA-2023)
  • World Boxing чемпионы (2025)
  • Азия чемпионы (2022)

Сондықтан оның ерте жеңілісі жанкүйерлер үшін де, сарапшылар үшін де күтпеген нәтиже болды.

Реклама
Реклама