Бақыт Сейдіш – Азия чемпионатының күміс жүлдегері (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:15

Жекпе-жектен кейін сұхбат берген отандасымыз рингте барын салғанын жеткізді. 

inform.kz

Қазақстандық боксшы (70 келі) құрлықтық доданың финалында Үндістан өкілі Арундхати Чоудхаримен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, 4:1 есебімен қарсылас жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл 20 жастағы Бақыт Сейдіштің ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты.

Еске салсақ, бүгін, 9 сәуір күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде әйелдер арасында тағы екі қазақстандық боксшының қатысуымен финалдық жекпе-жектер өтеді.

  • Надежда Рябец (80 кг)
  • Дина Исламбекова (+80 кг)

Жанкүйерлер финалдық жекпе-жектерді "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

Реклама
Реклама