"Үлкен жеңістер әлі алда" — Тәшкенбай жеңілістен соң үн қатты
Ұлттық құрама боксшысы Санжар Тәшкенбай 2026 жылғы Азия чемпионатындағы күтпеген жеңілістен соң әлеуметтік желіде өз ойын білдірді.
Санжар Тәшкенбай не деді?
Былғары қолғап шебері Instagram парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасап, алдағы уақытта бұрынғыдан да мықты болып оралатынын жеткізді.
"Алла қаласа, бұдан да мықты болып ораламыз. Әр жеңілістің артында үлкен жеңіс тұрады!" — деп жазды боксшы.
Азия біріншілігінде не болды?
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының алғашқы кезеңінде-ақ жарыстан шығып қалды.
Ол 50 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілі, жастар арасындағы әлем чемпионы Вишванат Сурешке есе жіберді. Жекпе-жектің үшінші раундында қазақ боксшысы нокдаунға түсті.
Санжар Тәшкенбай бұл додаға үлкен үмітпен барған. Ұлан-Батырға екі дүркін әлем чемпионы ретінде келді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұржан Насановтың шәкірті саналады. Айта кетейік, Насанов ұлттық құрама тізгінін жыл басында қолға алғанға дейін Санжардың жеке жаттықтырушысы болған.