ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Қазақ королі" Лондонда жаттығуын бастады (ВИДЕО)

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек жаттығу процесін қайта жандандырды.

"Қазақ королі" Лондонда жаттығуын бастады (ВИДЕО)
instagram/@sultanzaurbek

Лондондағы жаттығу

Жанкүйерлерге "Қазақ королі" деген лақап атпен танылған отандасымыз жуырда Лондонға барып, бокс залдың бірінде дайындыққа кірісті. Былғары қолғап шебері өзінің Instagram парақшасында жаттықтырушысымен бірге рингтегі жұмысын көрсеткен видеоны жариялады.

"Техника және тактика", — деп жазды Сұлтан Зәуірбек.

Сұлтан Зәуірбек рингке қашан оралады?

Әзірге Сұлтан Зәуірбектің келесі жекпе-жегінің нақты күні ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен Лондонда басталған оқу-жаттығу жиыны боксшының жақын арада шаршы алаңға қайта шығуға дайындалып жатқанын аңғартады.

Зәуірбек соңғы кездесуін былтыр сәуір айында Астанада өткізген. Сол жекпе-жекте Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Азинга Фузилемен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Қазір қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі көрсеткіші — 20 жеңіс, оның 13-і нокаутпен.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.