Бақыт Сәрсекбаев мақтаған боксшы Азия чемпионатының жүлдегері атанды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
11.07.2026, 21:03

Владислав Саможонов Джакартада U-19 санатындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

vesti.kz

Үндістандық боксшыдан басым түсті

Владислав Саможонов 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің ширек финалында үндістандық Ловен Гулиппен жұдырықтасып, басым түсті. Осы нәтиженің арқасында Саможонов жастар арасындағы Азия чемпионатының кемінде қола медалін иеленеді.

Енді ол финал жолдамасы және құрлық біріншілігінің алтын жүлдесі үшін күресті жалғастырады.

Төрт отандасымыз жартылай финалда

Бұған дейін Джакартадағы Азия чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі шыққан:

  • Тимур Тайбеков — 80 келіге дейін;
  • Руслан Ахметов — 85 келіге дейін;
  • Жалғас Өтебеков — 90 келіге дейін.

Осылайша Владислав Саможоновтың жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы ауыр салмақтарда қатарынан төрт жүлде еншіледі. 

Есеке салсақ, бұған дейін Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев Саможоновқа үлкен үміт артатынын аңғартқан. Тіпті оның Баходир Джалоловтан асып түсетінін жазған. 

Реклама
Реклама