ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Бақыт Сәрсекбаев Баходир Джалоловтан асып түсетін қазақстандық боксшыны көрсетті (ВИДЕО)

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев ұлттық команда мүшесі Владислав Саможоновпен өткізген жеке жаттығудың видеосын жариялады.

Бақыт Сәрсекбаев Баходир Джалоловтан асып түсетін қазақстандық боксшыны көрсетті (ВИДЕО)
time.kz

Сәрсекбаев ауыр салмақтағы жас боксшымен жұмыс істеді

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, U-19 құрамасының Instagram парақшасында Өзбекстанның Шыршық қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынынан бейнежазба жарияланған.

Видеода Бақыт Сәрсекбаев пен 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Владислав Саможоновтың жаттығу сәттері көрсетілген. Тәжірибелі бапкер жас боксшымен арнайы лапада жұмыс істеп, оның техникасын шыңдауға көңіл бөлген.

Сәрсекбаев жариялаған жазбасында Саможоновқа үлкен үміт артатынын аңғартты.

“Бұл жігіт Баходирден асып түссін”, — деп жазды бапкер.

Бұл жерде ол Өзбекстанның әйгілі суперауыр салмақты боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловты меңзеген.

Владислав Саможонов кім?

Владислав Саможонов — Қазақстан боксының ауыр салмақтағы перспективалы өкілдерінің бірі. Ұлытау облысының намысын қорғайды және Қазақстанның жастар құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Биыл наурыз айында Саможонов Таиландтың Бангкок қаласында өткен Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды. Суперауыр салмақтың финалында өзбекстандық Ислам Салиховқа есе жіберді. 

Соған қарамастан жас қазақстандық боксшының әлеуеті жоғары бағаланып отыр. Бақыт Сәрсекбаевтың өзі Саможоновтың болашағына сенім білдіріп, оны әлемдік деңгейдегі ауыр салмақ боксшыларымен салыстырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.