Ризабек Айтмұқан жаңа салмақта Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Вьетнамда жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ризабек Айтмұқан жаңа салмақта Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Спортты дамыту дирекциясы

Финалда үнді балуанын ойсырата жеңді

Ризабек Айтмұқан 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Лаки Лакимен белдесті. Шешуші кездесуде қазақстандық балуан қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Айтмұхан өзі үшін жаңа салмақта Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық балуан финалға дейін де қарсыластарын сенімді түрде ұтты.

Ширек финалда өзбекстандық Отабек Назирбоевты 11:1 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қырғызстандық Жағалан Будашаповтан 14:4 есебімен басым түсіп, алтын медаль үшін белдесуге жолдама алды.

Жаңа салмақтағы алғашқы үлкен жеңіс

Бұған дейін Ризабек Айтмұқан 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп келген. Сол дивизионда Қазақстан кубогының алтын жүлдесін иеленген еді.

Енді  125 келіге дейінгі салмақта да өз мықтылығын дәлелдеп, құрлық біріншілігінде топ жарды.

Ризабек — Қазақстан еркін күресінің ең жарқын өкілдерінің бірі. Оның еншісінде 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын медалі бар. Сонымен қатар Азия чемпионаттарында үш мәрте күміс жүлдегер атанған.