Қазақстандық балуан алтынға бір қадам қалғанда тоқтады

Жекпе-жек шолушысы

Абылайхан Өзембаев Вьетнамның Дананг қаласында 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық балуан алтынға бір қадам қалғанда тоқтады
sportarena.kz

Финалда қарсыласын тоқтата алмады

Абылайхан Өзембаев 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында түрікменстандық Алп Бегенжовпен белдесті. Шешуші кездесуде қарсыласы айқын басымдық танытып, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық балуан турнирді күміс медальмен аяқтады.

Абылайхан Өзембаев финалға дейінгі жолда екі қарсыласын жеңді. Ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Таебин Кимнен 11:3 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда моңғолиялық Билгундалайн Пурэвдагвты 6:3 есебімен жеңіп, алтын медаль үшін белдесуге жолдама алды.

Айта кетейік, Абылайхан Өзембаев — 2026 жылғы Қазақстан U-23 чемпионатының жеңімпазы. Жетісу облысының өкілі ел біріншілігінің финалында Навруз Ахметхановты 3:0 есебімен ұтқан. 

Қарсыласы — халықаралық деңгейде тәжірибелі балуан

Финалда Өзембаевты жеңген Алп Бегенжов бұған дейін де халықаралық жарыстарда көзге түскен балуандардың бірі.

Ол 2026 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ 2024 жылғы U-20 әлем чемпионатының чемпионы. Бегенжов сол жарыста 79 келіге дейінгі салмақта топ жарған.