Қазақстандық балуан Азия чемпионатында Өзбекстанды қола медаль алды
Еркін күрес шебері Шаттық Алайдар жастар арасындағы Азия чемпионатында жүлдегер атанды.
Қола үшін белдесуде Өзбекстан балуанын ұтты
Шаттық Алайдар үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Санжарбек Рутамбековпен кездесті. Қазақстандық балуан 11:6 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтиженің арқасында Алайдар жастар арасындағы Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Алайдар үшін жарыс бәрі бірден сәтті бола қойған жоқ. Ол әуелі үндістандық Кумар Мохитке 6:16 есебімен жол берді. Кейін қырғызстандық Осконбай Абдисаматовқа қарсы кілемге шығып, өте тартысты белдесуде 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Мүмкіндігін тиімді пайдаланды
Екі жеңіліске қарамастан Шаттық Алайдардың жүлдеге таласу мүмкіндігі сақталды. Бұған оның алдында басым түскен екі қарсыласының да финалға шығуы себеп болды.
Осылайша қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу құқығын алып, өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.