Ибрагим Бетаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
12.07.2026, 21:49

Қазақстандық боксшы Джакартада 2026 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында сенімді жеңіске жетті.

фото ашық дереккөзден алынды

Бетаев жекпе-жекті қарқынды бастады

Ибаргим Бетаев 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Оңтүстік Корея боксшысы Санги Пакпен кездесті.

Қазақстандық боксшы алғашқы секундтардан-ақ жоғары қарқын ұсынды. Бірінші раундта Бетаев дәл соққы өткізіп, кореялық боксшыны нокдаунға жіберді.

Екінші раундта да Бетаев басымдығын сақтап, қарсыласына шабуылын жалғастырды. Қазақстандық боксшының соққыларына төтеп бере алмаған Санги Пак қорғанысқа көбірек көңіл бөлуге мәжбүр болды.

Кездесу барысында Бетаевтың айқын басымдығын байқаған төреші жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Азия алтыны үшін жұдырықтасады

Осы жеңістің арқасында Ибрагим Бетаев Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Енді ол шешуші кездесуде рингке шығады.

Ал жартылай финалда жеңілген Санги Пак турнирдің қола жүлдегері атанды.

U19 және U23 жас санатындағы боксшылар қатысып жатқан Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында өтіп жатыр. 

Реклама
Реклама