Темірлан Мұқатаев ринг қожайынын мерзімінен бұрын жеңді (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Джакартада 23 жасқа дейінгі бкосшылар арасында Азия чемпионатының финалы сарапқа салынуда. 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жергілікті боксшыны екінші раундта тоқтатты.

Темірлан Мұқатаев ринг қожайынын мерзімінен бұрын жеңді (ВИДЕО)
instagram.com/boxingkazakhstan/

Индонезиялық қарсыласын жеңді

Темірлан Мұқатаев жартылай финалда индонезиялық М. Рико Прайогимен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ белсенді қимылдап, қарсыласына қысым көрсетті. Екінші раундта Мұқатаев басымдығын арттырып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Осы жеңістің арқасында Темірлан Мұқатаев Азия чемпионатының финалына шығып, кемінде күміс медаль алды. 

Финалда өзбек боксшысы күтіп тұр 

Алтын жүлде үшін өтетін айқаста Мұқатаев өзбекстандық Норбек Абдуллаевпен жұдырықтасады. Өз кезегінде Абдуллаев жартылай финалда қырғызстандық Мухаммадазиз Закировты нокаутпен құлатқан. .

Осылайша 85 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының алтын медалі Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері арасында сарапқа салынады.

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Индонезия астанасы Джакартада 3-16 шілде аралығында өтіп жатыр. Құрлықтық додада U-19 және U-23 санатындағы боксшылар жүлделерді сарапқа салуда.