Қазақстандық балуандар Испанияда 24 медаль жеңіп алды

Спорт шолушысы

Испания астанасы Мадрид қаласында өткен күрестен халықаралық Гран-при турнирінде балуандар сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық балуандар Испанияда 24 медаль жеңіп алды
Olympic.kz

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 24 жүлдеге ие болды. Оның ішінде еркін күрес шеберлері 11 медаль, грек-рим күресінің өкілдері 13 медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен үш алтын

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы үш салмақта чемпион атанды.

Алтын медаль иегерлері:

  • Дәулет Әмірханов (57 кг дейін);
  • Нұрлыбек Базарбаев (61 кг дейін);
  • Жанқожа Әбілтаев (70 кг дейін).

Күміс жүлдеге:

  • Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг);
  • Мұхамед Балғабай (61 кг);
  • Ақбар Құрбанов (65 кг);
  • Шерхан Әбіл (70 кг) ие болды.

Қола медальді:

  • Жанболат Қабиден (70 кг);
  • Талап Жолдасов (70 кг);
  • Әрсен Қабден (74 кг);
  • Наурыз Ахмедханов (86 кг) иеленді.

Грек-рим күресі бойынша нәтиже

Грек-рим күресінде Қазақстан құрамасының екі өкілі жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алтын медальді Едіге Төлеутаев (55 кг) пен Ілияс Дәуітов (63 кг) иеленді.

Күміс жүлдегерлер:

  • Айбат Рахым (55 кг);
  • Жанболат Сапарбек (60 кг);
  • Досжан Өтепқалиев (63 кг);
  • Дінмұхамед Омаров (72 кг);
  • Альмир Төлебаев (82 кг).

Қола жүлдені:

  • Омар Ахон (60 кг);
  • Шыңғыс Қайрат (63 кг);
  • Николай Хапко (72 кг);
  • Расул Жүніс (77 кг);
  • Санжар Сабитов (82 кг);
  • Аянбек Ибраев (97 кг) жеңіп алды.