Қазақстан финал үшін айқаста Өзбекстаннан оңбай жеңілді (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Айсұлу Мұхит Джакартада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Өзбекстан өкіліне есе жіберді. Отандасымыз турнирді қола медальмен аяқтады.
Индонезия астанасы Джакартада бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Айсұлу Мұхит 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бәсекеде 65 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық жекпе-жек өткізді.
Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Айсұлу Мұхит Өзбекстан өкілі Рушанабону Исоевамен жұдырықтасты.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті өзбекстандық спортшыға берді. Есеп — 5:0.
Осылайша Айсұлу Мұхит Азия чемпионатының финалына шыға алмай, жарыс жолын аяқтады.
Исоева финалға жолдама алды
Қазақстандық боксшыны жеңген Рушанабону Исоева Азия чемпионатының финалына шықты. Енді Өзбекстан өкілі алтын медаль үшін шешуші жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Азия чемпионаты Джакартада өтіп жатыр. Ол 16 шілде күні аяқталады. Турнирге U19 және U23 жас санаттарындағы спортшылар қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 39 боксшыны апарды.