Жарнама
Жарнама

Сұлтан Зәуірбек көптен күткен жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне уәде берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек австралиялық Джексон Инглендпен өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Сұлтан Зәуірбек көптен күткен жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне уәде берді
instagram/sultanzaurbek

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жекпе-жекті бір жыл бойы күткенін айтып, дайындық барысында көп күш жұмсағанын жеткізді.

"1 жыл. 365 күн. Бір мақсат. Бір жыл бойы осы күнді күттім. Күн сайын дайындалдым, ауыр жаттығулардан өттім, өзімді сынадым. Енді күткен уақыт келді. Жекпе-жек уақыты. Енді сөз емес — іс көрсететін кез. Еңбектің нәтижесін рингте көрсетемін. 1 жыл күттім. Енді соңына дейін барамын", – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Жекпе-жек қашан өтеді?

Сұлтан Зәуірбек пен Джексон Ингленд арасындағы кездесу 26 қыркүйекте Австралияның Квинсленд штатында өтеді деп жоспарланған. Жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер мәртебесі сарапқа салынады.

Зәуірбек үшін бұл кездесу 2025 жылғы сәуірден бергі алғашқы жекпе-жек болмақ. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі рекорды 20 жеңіс, оның 13-і нокаутпен аяқталған.

Айта кетейік, Зәуірбек пен Ингленд арасындағы жекпе-жектің күні бұған дейін бірнеше рет өзгерген. Алғашында кездесу 27 маусымға жоспарланып, кейін 17 шілдеге ауыстырылған. Енді боксшылардың 26 қыркүйекте рингке шығуы күтілуде.

Жарнама
Жарнама