Жарнама
Жарнама
WBC Мейірім Нұрсұлтановқа чемпиондық жекпе-жек берді
inform.kz

WBC Мейірім Нұрсұлтановқа чемпиондық жекпе-жек берді

Тараптар енді 20 қазанға дейін жекпе-жек шарттары бойынша ортақ мәмілеге келуі керек. 

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеске міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтановпен титулдық жекпе-жек өткізуді міндеттеді.

Бокс инсайдері Дэн Рафаэльдің мәліметінше, екі тарапқа келіссөздерді бастау туралы тапсырма берілген.

Егер боксшылардың промоутерлері жекпе-жек шарттары бойынша ортақ мәмілеге келе алмаса, 20 қазанда айқасты ұйымдастыру құқығына арналған промоутерлік сауда өтеді.

Осы жекпе-жектің жеңімпазы кейін WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы Хесус Рамоспен кездесуі тиіс.

Нұрсұлтанов Рамоспен жұдырықтасуы керек еді

Мейірім Нұрсұлтанов 19 қыркүйекте АҚШ-та Хесус Рамосқа қарсы жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда америкалық боксшы салмақ қуу кезінде денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілді. Дереккөздер оның тамақтан улануы мүмкін екенін хабарлады. Салдарынан жекпе-жек өтпей қалды.

Қазақстандық боксшы соңғы ресми жекпе-жегін 2023 жылы өткізді.

Ұзақ үзіліске қарамастан, Нұрсұлтанов WBC рейтингіндегі міндетті үміткер мәртебесін сақтап қалды.

Жарнама
Жарнама