Ғұсман Қырғызбаев Азия ойындарында жүлдесіз қалды
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды.
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Қытай өкілі Сюэ Цзыянге есе жіберді. Қытайлық дзюдошы golden score кезеңінде Сюэ Цзыян "юко" бағасын алып, жеңіске жетті. Осылайша, қытайлық дзюдошы қола медаль иеленсе, Ғұсман Қырғызбаев Азия ойындарын жүлдесіз аяқтады.
Бұған дейін Қырғызбаев жартылай финалда Моңғолия атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ёлка Қазірбекке есе жіберген болатын.
Сол жеңілістен кейін қазақстандық спортшы қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған еді.
Қырғызбаевтың басты жетістіктері
Ғұсман Қырғызбаев – 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Сонымен қатар ол Азия чемпионаттарында екі рет қола медаль иеленген.