Жарнама
Жарнама
Үндістан бокстан Қазақстан мен Өзбекстанды артта қалдырды. Себебі айтылды
ddindia.co.in

Үндістан бокстан Қазақстан мен Өзбекстанды артта қалдырды. Себебі айтылды

Бокстан Үндістан құрамасы жуырда өткен Азия ойындарында алтын медаль саны бойынша турнир көшін бастаған болатын. 

Үндістандық RevSportz басылымы 2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс турнирін қорытындылап, ұлттық құраманың Қазақстан мен Өзбекстаннан жоғары нәтиже көрсетуіне қатысты мақала жариялады. 

Айти мен Нагояда өткен ХХ Азия ойындарында бокстан Үндістан құрамасы алты медаль жеңіп алды.

Үндістан үш алтын медаль иеленді

Үндістан құрамасының қоржынында үш алтын және үш қола жүлде бар.

Алтын медаль иеленгендер қатарында:

  • Ловлина;
  • Парвин Худа;
  • Анкуш бар.

RevSportz бұл нәтижені Үндістан боксының айқын прогресі ретінде бағалады. Себебі команда алтын медаль саны бойынша турнир көшін бастады. 

Ал Өзбекстан Азия ойындарындағы бокс турнирін екі алтын, бір күміс және төрт қола медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасы болса екі алтын және үш қола жүлде жеңіп, жалпы есепте үшінші орын алды.

Негізгі күш – әйелдер құрамасы

Басылым ел боксының қазіргі өрлеуінде әйелдер құрамасының үлесі ерекше екенін атап өтті.

Бұған дейін үндістандық боксшылар Азия чемпионатында екінші орын алып, Достастық ойындарының жалпы есебінде үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Жарнама
Жарнама