Жарнама
Жарнама
Бек Нұрмағанбет "Канелоның" бокс кешінде жұдырықтасады
Offside.kz

Бек Нұрмағанбет "Канелоның" бокс кешінде жұдырықтасады

Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері  мексикалық Маркос Васкес Родригеске қарсы шығады. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет кезекті жекпе-жегін Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізеді.

Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық боксшы 31 қазанда рингке шығып, мексикалық Маркос Васкес Родригеспен шеберлік байқасады.

Нұрмағанбет 17-жекпе-жегін өткізеді

Бек Нұрмағанбеттің кәсіпқой бокстағы рекорды – 16 жеңіс, 14 нокаут.

Ал оның қарсыласы Маркос Васкес Родригес осы уақытқа дейін 21 жеңіс пен 3 жеңіліс тіркеген.

"Канелоның" кешінде төртінші рет өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшы бұған дейін Сауль "Канело" Альварес қатысқан бокс кештерінде үш рет жұдырықтасқан.

Енді Эр-Риядтағы айқас Нұрмағанбеттің мексикалық жұлдыздың кардында өнер көрсететін төртінші кездесуі болады.

Айта кетейік, 31 қазанда Сауд Арабиясында өтетін бокс кешінің басты оқиғасында Сауль Альварес Кристиан Мбиллиге қарсы тұрады.

Олардың жекпе-жегінде WBC чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Жарнама
Жарнама