Жарнама
Жарнама
"Сылтау айтасың ба?": Нұрсұлтановтың менеджері WBC чемпионына жауап берді
NUR.KZ

"Сылтау айтасың ба?": Нұрсұлтановтың менеджері WBC чемпионына жауап берді

WBC бұған дейін Карлос Адамес пен Мейірім Нұрсұлтанов арасындағы чемпиондық жекпе-жекті міндеттеген болатын. 

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың менеджері Эгис Климас WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеске үндеу жасады.

Ол доминикандық боксшының әлеуметтік желідегі мәлімдемесіне жауап беріп, Нұрсұлтановтың міндетті қарсылас екенін еске салды.

Адамес Zuffa Boxing-пен келісімге отырды

Бұған дейін Карлос Адаместің Дана Уайт пен Турки Әл аш-Шейхтің Zuffa Boxing лигасымен келісімшартқа отырғаны белгілі болды.

Осыдан кейін чемпион X әлеуметтік желісінде қарсыластарымен жұдырықтасуға дайын екенін жазды.

"Енді сылтау жоқ. Қашу да жоқ. Мен ең үлкен сахнадамын және үздіктермен жұдырықтасуға дайынмын. Бәрін кезекке қойыңдар", – деп жазды Адамес.

Эгис Климас чемпионның жазбасына жауап беріп, Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізу міндеттемесін атап өтті.

"Кезекке қойыңдар дейсің бе? Сенің міндетті қарсыласың бар. Мейірім Нұрсұлтанов дайын. Әлде қашып, сылтау айтасың ба?" – деп жазды менеджер.

WBC Нұрсұлтановты міндетті қарсылас ретінде бекіткен

WBC бұған дейін Карлос Адамес пен Мейірім Нұрсұлтанов арасындағы чемпиондық жекпе-жекті міндеттеді.

Бұл шешім қазақстандық боксшының америкалық Хесус Рамосқа қарсы уақытша чемпиондық белбеу үшін жоспарланған айқасы өтпей қалғаннан кейін қабылданды.

Енді тараптар WBC чемпиондық жекпе-жегін ұйымдастыру мәселесін шешуі тиіс.

Жарнама
Жарнама