
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Димаш Құдайберген атынан жасалған бейнеролик тарап кетті. Онда әйгілі әнші оңай табыс табуға арналған қосымшаны жарнамалайды. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
DimashNews ресми порталы Instagram парақшасында бұл видеоның алаяқтар жасаған жалған контент екенін мәлімдеді. Хабарламада былай делінген:
"Құрметті тыңдармандар! Желіде тараған, Димаш Құдайберген табыс табуға арналған қосымшаны жарнамалап жатыр деген видео – жалған.
Бұл видео мен дауысты жасанды интеллект технологиялары арқылы қолдан жасап, әншінің қатысы бардай етіп көрсеткен.
Димаш бұл роликке ешқандай қатысы жоқ.
Сіздерден абай болуды, күмәнді сілтемелерге өтпеуді және жалған ақпаратқа сенбеуді сұраймыз".
Желі қолданушылары мен Димаштың фан-базасы — "Dear" қауымдастығы бұл жағдайға қатысты өз пікірлерін білдірді: