
Қазақстанның ең көрікті волейболшысы Сәбина Алтынбекова жанкүйерлерін тағы да қуантты. Спортшы Дубайдағы демалысынан әсем фотоларын бөлісіп, желіні жарды. Әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған суреттер көпшіліктің жылы лебізіне ие болды.
"Өмірдің әр сәтінен ләззат алып жүрмін. Ғажап сәттер үшін рақмет!" — деп жазды Сәбина Instagram парақшасында.
Сәбина бұл жолы ақ түсті, көк өрнекті жеңіл әрі әуе көйлекпен көрініп, табиғилықты ерекше көрсетуге тырысқан. Образын сәнді ақ сөмке, нәзік зергерлік бұйымдар және күннен қорғайтын көзілдірік толықтырды. Ашық шаш пен табиғи макияж бейнесіне ерекше нәзіктік берді.
Суреттен оның сымбатты мүсіні мен талғампаз стилі айқын көрінеді — бұл да оның көпжылдық спорттық тәртібінің нәтижесі екені сөзсіз.
Сәбинаның фотосы көптің көңілінен шықты. Желі қолданушылары мыңдаған жылы пікір қалдырып, оған сәтті демалыс тіледі:
Айта кетейік, Сәбина Алтынбекова — тек волейболшы емес, сонымен қатар табысты модель, танымал блогер және ана. Ол өзінің шабытты өмірімен жас буынға үлгі болып жүр.