Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Мақпал Жүнісованың оқушы кезіндегі әні жұртты сүйсіндірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:42

Қазақстанның танымал әншісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде мектеп жылдарында шырқаған әнінің бейнежазбасын жариялап, тыңдармандарынан жылы пікірлер алды.

NUR.KZ
NUR.KZ

Архивтен табылған бейне

Әншінің жас шағында түсірілген бейнематериалды Instagram желісінде Жанар Еркөлқызы да, Мақпал Жүнісованың өзі де бөлісті. Жазбада: "Бұл – Мақпал Жүнісованың 9-сыныпта орындаған әні" деген түсініктеме берілген.

Бейнекадрда жүргізуші: "Әнім сенсің, туған ел" әнінің авторы – Бәкір Тәжібаев екенін атап өтіп, шығарманы орындаушыларды таныстырады. Әнді Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің түлектері – Мақпал Жүнісова, Жанна Хасенова, Дина Қорғанова және автордың өзі бірге орындаған.

Тыңдарманның ықыласы

Желі қолданушылары бейнероликті тамашалаған соң, жылы пікірлерін жаудырды:

  • "Қазақ радиосының бұлбұлы Сауық Жақанова апайдың үнін еске салды";
  • "Қандай әдемі әуен, бірінші рет тыңдап отырмын. Дауысыңыз ерекше";
  • "Әсем әуен, шебер орындау. Нағыз Мақпал екенсіз!";
  • "Кеудемді толқытып, көзімнен еріксіз жас шықты. Әнді тыңдай бергің келеді";
  • "Музыкаға маманданған мектеп түлектерімен ешкім теңесе алмайды. Өмірдің шынайы мәні – музыка".
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір