Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері өмірін құтқарған дәрігермен қайта қауышты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Тулкин Киличев жан тебірентерлік сәтті әлеуметтік желіде жариялады. Ол Париж Олимпиадасында өмірін сақтап қалған дәрігер Робби Уильямске алғыс білдіріп, жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасына жүктеді.

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері өмірін құтқарған дәрігермен қайта қауышты (ВИДЕО)
Instagram/@tulkin_kilichev

"Өмірімді сақтап қалған жан" 

Киличевтің айтуынша, дәл осы маман оның денсаулығына дер кезінде көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалған. Бас бапкер жазбасында:

"Бұл адамға өмірім үшін қарыздармын. Парижде мен үшін қиын сәттер болды. Дәрігер Робби Уильямс мені қайтадан аяққа тұрғызды", – деп жазды.

Өзбек боксының Париждегі триумфы

Париж Олимпиадасы Өзбекстан үшін тарихи жеңістермен есте қалды. Ерлер арасында 7 салмақ дәрежесінің 5-інде өзбектер алтын медаль иеленді. Бұл – ел тарихындағы ең ірі жетістік.

Ал Қазақстан құрамасы сол додада небәрі бір жүлде – Нұрбек Оралбайдың күміс медалімен шектелді. Бұл нәтиже жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырған болатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір