
"Қазгидромет" РМК 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар облыста күн райы бұзылатынын хабарлап, ескерту жариялады.
Жетісу облысы – солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15–20 м/с-ке, кей жерлерде 23–28 м/с-ке дейін жетеді. Түнде 2–7 градус үсік жүруі ықтимал.
Ақмола облысы – облыстың батысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15–20 м/с болады. Оңтүстік-батыс бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы – солтүстік аймақтарында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші облыстың солтүстігінде, батысында және таулы өңірлерінде 15–20 м/с-ке жетеді. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы – оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде облыстың оңтүстік-батысында 15–20 м/с-ке дейін, күндіз сол шамада күшейеді.
Жамбыл облысы – таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде күші 15–20, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысы – батысында, солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жалпы облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы – солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз шығыс пен оңтүстік аудандарда 15–20 м/с жылдамдыққа жетеді. Оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы – шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан жел батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей уақытта 15–20 м/с жылдамдыққа жетеді. Оңтүстігінде төтенше, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысы – солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соққан жел түнде және күндіз 15–20 м/с, ал шығысында 23 м/с-ке дейін күшейеді. Облыста төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы – солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында төтенше, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысы – батысы, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы – оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы мен солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысы – оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында 15–20 м/с-ке жетеді. Оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы – солтүстік және шығыс аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді.