ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 25-тур

Димаш Құдайберген Мексика астанасында бүлдіршіннің тұсауын кесті

Әлемге әйгілі эстрада орындаушысы Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасының Мехикодағы елшілігінде болып, қазақстандық диаспора өкілдерімен кездесті.

Димаш Құдайберген Мексика астанасында бүлдіршіннің тұсауын кесті
Димаш Құдайберген. Сурет: ашықдереккөзден.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кездесу кезінде Димаш Құдайберген Қазақстан елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен бірге тоғызқұмалақ ойнаған. Сондай-ақ бір жасар қазақстандық Халид Йылдыздың тұсауын кесіп, балаға ақ батасын берген.

Димаш Құдайберген Мексика астанасында бүлдіршіннің тұсауын кесті
имаш Құдайберген Мехикода қазақстандық диаспорамен кездесті. Фото: dimashnews.com

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Мехикода үлкен концерт берген еді. Әншінің қойылымдары 25 мыңнан астам көрермен жинап, Латын Америкасындағы жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болды. Тур барысында Қазақстан Республикасының ізгі ниет елшісі ретінде әртіс өңірдегі еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.