Сәлем, мундиаль! Мексика - ОАР матчына Olimpbet сараптамасы

Бас редактор

Жалпы, Әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұзақ мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. 

Сәлем, мундиаль! Мексика - ОАР матчына Olimpbet сараптамасы
olimpbet.kz

Әлем чемпионаты. А тобы. Бірінші тур. "Мексика" – "ОАР". 12 маусым, 00:00 (Астана уақыты)

Футбол жанкүйерлерін әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұзақ мундиаль күтіп тұр. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтіп, жалпы 39 күнге созылады.

Чемпионаттың шымылдығын турнирді қабылдаушы елдердің бірі – Мексика құрамасы мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасының кездесуі ашады.

Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелеріне айқын басымдық береді. Олардың пікірінше, солтүстікамерикалықтардың екі доп айырмасымен жеңіске жету ықтималдығы оңтүстікафрикалықтардың кем дегенде тең ойынға қол жеткізу мүмкіндігінен жоғары.

Әлем чемпионаттарындағы көрсеткіштері

"Үш түстілерді" әлем чемпионаттарының тұрақты қатысушылары деуге болады. Мексика құрамасы соңғы сегіз мундиальдің бірде-біреуін жіберіп алған жоқ және жеті рет плей-офф кезеңіне шықты.

Алайда әр жолы алғашқы плей-офф сатысында жарысты аяқтап отырды. Ал Катарда өткен соңғы әлем чемпионатында "майялықтар" тіпті топтан шыға алмады. Төрт жыл бұрын Мексика Польша құрамасымен бірдей ұпай жинағанымен, доп айырмасы бойынша екінші орыннан айырылып қалды.

ОАР құрамасы үшін ЧМ-2026 тарихтағы төртінші әлем чемпионаты болмақ. Бірақ "Бафана Бафана" әлі күнге дейін бірде-бір рет плей-офф кезеңіне шыққан емес. Оның үстіне алдыңғы үш мундиальге мүлде қатыса алмаған. Бұл құраманың соңғы әлем чемпионаты 2010 жылы өз жерінде өткен болатын.

Өзара кездесулер тарихы

Құрамалар өзара төрт рет кездескен. Жалпы статистика мексикалықтардың пайдасында: екі жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс.

Дегенмен кездесулердің жартысы жолдастық матч болған. Ал ресми ойындарда басымдық оңтүстікафрикалықтар жағында: бір жеңіс және бір тең ойын.

Бір қызығы, ОАР құрамасы 2005 жылғы КОНКАКАФ Алтын кубогында Мексика жерінде "жасылдарды" 2:1 есебімен жеңген. Ал 2010 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчында бұл командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан еді.

Құрам

Мексика сапында танымал футболшылар аз емес. Олардың қатарында "Миланның" шабуылшысы Сантьяго Хименес, "Фулхэм" ойыншысы Рауль Хименес және "Атлетико" клубының өкілі Обед Варгас бар.

Ал ОАР құрамасы Еуропаның алпауыт клубтарында өнер көрсететін ойыншыларымен мақтана алмайды. Команданың басым бөлігі жергілікті чемпионатта ойнайды.

"Бафана Бафананың" басты жұлдызы ретінде бас бапкер Уго Бросты атауға болады. 74 жастағы бельгиялық әлем чемпионатының атмосферасын жақсы біледі. Ол 1986 жылғы Мексикада өткен мундиальда Бельгия құрамасының сапында ойнаған. Тіпті сол турнирде Мексика құрамасына қарсы алаңға шыққан.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары мексикалықтарды айқын фаворит деп санайды және олардың ОАР қақпасына кемінде екі гол соғатынына сенеді.

Сондай-ақ бұрыштама соққылары бойынша да алаң иелеріне басымдық беріледі. Аңызға айналған "Ацтека" стадионында өтетін матчта тоғыздан көп бұрыштама болмайды деп болжануда.

Фото: olimpbet.kz

"Оңтүстік Корея" – "Чехия". 12 маусым, 07:00

А тобындағы тағы екі құрама өзара қарым-қатынасты Қазақстан уақыты бойынша жұма таңында анықтайды.

Olimpbet сарапшылары Оңтүстік Корея мен Чехия арасындағы кездесуде айқын фаворит көріп тұрған жоқ. Олардың пікірінше, екі құраманың да оң нәтижеге жету мүмкіндігі шамалас.

Әлем чемпионаттарындағы көрсеткіштері

1986 жылғы әлем чемпионатынан бері "Азия жолбарыстары" бірде-бір мундиальді жіберіп алған емес. Солтүстік Америкадағы турнир олар үшін қатарынан 11-ші әлем чемпионаты болмақ.

"Тэджу жауынгерлерінің" ең үлкен жетістігі – 2002 жылғы өз елінде өткен әлем чемпионатындағы төртінші орын. Бұдан бөлек корейлер тағы екі рет плей-офф кезеңіне шыққанымен, екі жағдайда да 1/8 финалда тоқтады.

Ал Чехия құрамасы тәуелсіз мемлекет ретінде әлем чемпионатына тек бір рет – 2006 жылы жолдама алған. Бірақ Германиядағы турнирде топтық кезеңнен аса алмады.

Өзара кездесулер тарихы

Командалар осыған дейін бір-ақ рет кездескен және ол матч жолдастық сипатта болған.

Еуро-2016 турниріне дайындық барысында Чехия өз алаңында Оңтүстік Кореяны қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалған.

Сол корей құрамасының негізгі құрамында Сон Хын Мин ойнаған болатын. Ол ЧМ-2026 турниріне де қатысады.

Құрам

Соннан бөлек, "Тэджу жауынгерлері" сапында ПСЖ ойыншысы Ли Кан Ин, "Фейеноордтың" жартылай қорғаушысы Хван Ин Бом және Мюнхеннің "Бавария" клубының қорғаушысы Ким Мин Джэ секілді жұлдыздар өнер көрсетеді.

Ал Чехия құрамасында әлемдік деңгейдегі ойыншы деп негізінен бір ғана футболшыны атауға болады. Ол – Леверкузеннің "Байер" клубының шабуылшысы Патрик Шик.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары екі құрамадан да жоғары нәтижелілік күтпейді және матчтың "тоталы төмен" болатынын болжайды.

Ал сары қағаздар саны кемінде төртеу болады деп есептейді. Бұл көрсеткіш бойынша аздаған басымдық Чехия құрамасына берілген.