Турнирдің негізгі кезеңі 22–25 қаңтар аралығында Мальтада өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,15 миллион АҚШ доллары.
FURIA Esports командасы CS2 дисциплинасы бойынша BLAST Bounty Winter 2026 турнирінің ширек финалында Heroic ұжымын тізе бүктіріп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Үш картаға созылған тартысты кездесуде FURIA қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Алғашқы карта Mirage алаңында Heroic толық басымдық танытып, 13:3 нәтижесімен жеңіске жетті. Алайда келесі екі картада бразилиялық ұжым ойын барысын түбегейлі өзгертіп, Dust2 картасында 13:2, ал шешуші Nuke картасында 13:9 есебімен басым түсті.
Осылайша Габриэль FalleN Толедо бастаған FURIA Esports командасы турнирдің жартылай финалындағы орнын қамтамасыз етті.
Айта кетейік, ширек финалдың қалған кездесулерінде Team Vitality — GamerLegion және Team Spirit — PARIVISION командалары өзара мықтыны анықтайды. Бұл матчтар 23 қаңтар күні Мәскеу уақытымен 18:00 және 21:00-де басталады.
BLAST Bounty Winter 2026 турнирінің негізгі кезеңі 22–25 қаңтар аралығында Мальтада өтуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,15 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның бір бөлігі тікелей киберспорт клубтарына бағытталады.
Оқи отырыңыздар:
Луиш Нани бүгін Қазақстанға табан тірейді
Серік Сәпиев орынбасарынан "таяқ" жеді
Қазақстандық файтер 26 жеңісі бар "Айдаһармен" жұдырықтаспақ