Аталған турнирге қатысушы 24 команда 1 миллион доллар көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салады.
29 қаңтар күні CS2 дисциплинасы бойынша IEM Krakow 2026 турнирінің Play-In кезеңінде PARIVISION мен Aurora Gaming командалары топтық кезеңге жолдама үшін өзара кездеседі.
Сарапшылар бұл тартыста Джами Jame Али бастаған PARIVISION ұжымын фаворит ретінде бағалап отыр. Кездесу best-of-3 форматында өтеді және Астана уақытымен 18:00-де басталады.
Play-In кезеңінің алғашқы раундында:
Айта кетейік, бұл матчта жеңілген команда турнирден бірден шығып қалмайды. Ол төменгі торда (lower bracket) топтық кезеңге шығу үшін тағы бір мүмкіндік алады.
IEM Krakow 2026 турнирі 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Польшаның Краков қаласында өтеді. Жарысқа 24 команда қатысып, 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салады.
Оқи отырыңыздар:
Қазақстандық гимнасшылар Германиядағы Әлем кубогына қатыспақ