
Жасы ұлғайған сайын бұлшықет массасының азаюы жиі кездеседі, ол егде жастағы адамдардың 10–16%-ын қамтиды. Бірақ ғалымдар бұл өзгеріске қарсы қарапайым әрі дәмді шешім ұсынады – ол жүзім.
АҚШ-тағы Western New England University университетінің денсаулық сақтау және фармацевтика ғылымдарының профессоры, зерттеудің жетекші авторы Джон Пеццуто бастаған топтың зерттеуі Foods ғылыми журналында жарияланды. Онда 2,5 жыл бойы 480 зертханалық тышқанға жүзім беріліп, олардың бұлшықет гендерінің белсенділігі зерттелді.
Нәтижесінде, жүзімнің әсерінен 25 негізгі геннің жұмысында айтарлықтай өзгерістер анықталды:
«Бұл жүзімнің бұлшықет саулығына генетикалық деңгейде оң әсер ете алатынына дәлел береді. Ендігі мақсат – бұл өзгерістер адам ағзасында қандай жылдамдықпен байқалатынын зерттеу», — дейді профессор Джон Пеццуто.
Жүзім – тек бір ғана пайдалы элементтен тұрмайды. Оның құрамында ағзаға әсер ететін 1600-ден астам табиғи қосылыс бар. Бұған дейінгі зерттеулер жүзімнің жүрек, бүйрек, көру, тері және асқазан-ішек жүйесіне пайдалы екенін көрсетті. Ал жаңа мәліметтер оның бұлшықет гендерінің экспрессиясына әсер ету мүмкіндігін дәлелдеп отыр.
Күн сайын екі порция жүзім жеу – бұлшықетті сақтап қалуға көмектесетін қарапайым және табиғи әдіс болуы мүмкін.
Бұлшықет саулығы – тек спортшылар үшін емес, кез келген адамның күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін фактор:
Зерттеушілер бұл нәтижелер адамның жасы ұлғайған сайын болатын өзгерістердің алдын алуға көмектесетін табиғи диеталық жол ретінде жүзімді енгізуге мүмкіндік береді деп санайды.