
Спортпен айналысқанда немесе арықтауда ең жиі кездесетін қиындықтардың бірі – Плато әсері (эффект Плато). Бұл кезде алғашқы айларда байқалған айқын нәтиже жоғалып, салмақ та, бұлшықет көлемі де өзгермей қалады.
Плато әсері – ағзаның жаңа жағдайға бейімделу процесі. Мысалы, алғашқы айларда жаттығу мен диета салмақты тез түсіреді: ағзадан су кетеді, бұлшықет рельефі шығады. Бірақ уақыт өте келе ағза жаңа калориялық мөлшерге үйреніп, әрі қарай өзгеріс баяулайды немесе тоқтайды.
Бастапқыда сіз күніне 2000 калория тұтындыңыз делік. Кейін оны 1600-ге азайттыңыз. Алғашқы айларда ағза 400 калорияны ішкі қордан алып отырды. Бірақ біраз уақыттан соң ол жаңа режимге бейімделіп, ары қарай салмақ түспейді.
Әр адамда бұл кезең әртүрлі. Біреулерде екі айда, енді біреулерде бір жылдан кейін пайда болады. Ең бастысы – уақыт емес, шығу стратегиясы.
Плато әсері – табиғи құбылыс, оны тоқырау емес, ағзаның жаңа салмаққа үйренуі деп қабылдау қажет. Бұл кезең әр адамда әртүрлі уақытқа созылады. Шығудың негізгі жолдары – тамақтануда «тербеліс» әдісі мен «cheat meal», ал спортта – интервальды жаттығулар. Ең бастысы – мотивацияны жоғалтпау. Плато әсері – бұл соңғы нүкте емес, жаңа деңгейге шығудың баспалдағы.