Лондонның "Челси" клубы УЕФА Конференция лигасының кубогын алғаш рет жеңіп алды. Тарихи финалда олар испаниялық "Реал Бетисті" 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, Еуропадағы барлық мүмкін трофейлерді толық жинаған санаулы клубтардың қатарына кірді.
Ойыннның алғашқы минуттары "Реал Бетистің" бастамасымен өтті. Испаниялықтар ерте гол соғып, "Челсиді" қысым астына алды.
Лондондықтар бірінші таймда қарсылас қақпасына нақты қауіп төндіре алмады. "Бетис" болса бірнеше рет есепті еселейтін тамаша сәттерге ие болды. Бірақ қақпашы Филип Йоргенсен шеберлік танытып, бір голмен ғана шектелді.
Үзілістен кейін Энцо Мареска бірнеше шешуші ауысым жасап, ойынның бағытын өзгертті:
Алаңға Рис Джеймс, Леви Колвилл және Джейдон Санчо шықты. Бұл өзгерістер "ақсүйектердің" ойынына жаңа тыныс берді.
Бұл жеңіс арқылы "Челси" өз тарихында алғаш рет Конференция лигасын жеңіп алды және келесі маусымдағы еурокубок жолдамасын да иеленді. Сонымен қатар клуб Еуропадағы барлық турнир трофейін иеленген элиталы клубтар қатарына қосылды.