
«Манчестер Юнайтедтің» бес бірдей ойыншысы атап айтқанда, Рэшфорд, Санчо, Антони, Гарначо және Маласиа — командадан кетуге ресми түрде өтініш білдірді.
Фабрицио Романоның айтуынша, Маркус Рэшфорд, Джейдон Санчо, Антони Са́нтос, Алехандро Гарначо және Тирелл Маласиа «МЮ» басшылығынан клубтан кетуге рұқсат сұраған. Клуб бұл ойыншыларға жаңа команда табуға уақыт беру үшін шілденің соңына дейін жазғы жаттығуларға қатыспауға мүмкіндік берген.
The Athletic мәліметінше, бұл ақпаратты клуб жабық брифингте өзі хабарлаған, бірақ футболшылар жаңалықтың жария болғанына риза емес. Оливер Кей: бас бапкер Рубен Аморим бұл ойыншылардан 7 шілдеге дейін құтылуды сұраған, бірақ бұл орындалмады.
Антони Испанияға қайтып, «Бетис» сапында ойнағысы келеді. Бірақ испандық клуб оның жалақысын көтере алмайды.
Рэшфорд шетелдік клубқа ауысқысы келеді. Егер бұл іске аспаса, командамен бірге жаттығуға дайын.
BBC: «Рэшфорд дүйсенбіде дайындықты бастайды».
The Times: «Ол бәрібір жазда кетуі мүмкін».
Клуб оның №10 нөмірін жаңа ойыншы Куньяға беріп қойды. «МЮ» жалдауға да, айырбас жасауға да қарсы емес.
Романо: «Рэшфорд пен "Юнайтед" арасы үзілді. Ол "Барселонаға" өтуді қалайды».
Алайда Mundo Deportivo каталондықтардың сақтықпен қарап отырғанын жазады.
ESPN: «Бавария» трансфер бойынша сұраныс жіберген, бірақ Рэшфорд жалақысын төмендетуге асығар емес.
Романо: «Ювентус» Санчо үшін 28 млн еуро төлеуге дайын, бірақ оның 318 мың еуро жалақысын көтере алмайды.
La Gazzetta dello Sport: Санчо жалақысын төмендетуге дайын дейді, бірақ ағылшын басылымдары бұған сенбейді.
Daily Mail: «"МЮ" жалақының кемінде жартысын төлемесе, келісім болмайды».
Италиялық клуб Санчоны Луис, Влахович немесе Веаға айырбастау нұсқасын да қарастыруда.