
«Милан» клубының сол қапталдағы қорғаушысы Тео Эрнандес, Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубына ауысуға жақын. Италиялық басылымдардың мәліметінше, екі клуб трансфер сомасы бойынша 25 миллион еуроға келісімге келген.
«Милан» клубының сол қапталдағы қорғаушысы Тео Эрнандес, Сауд Арабиясының "Әл-Хилалға” ауысуға жақын. Футболшы жуырда «Milanello» базасындағы маусым алдындағы жаттығуға қатысқан жоқ — бұл оның ауысуға дайындалып жатқанын нақтылай түседі. "Әл-Хилал” клубы Тео Эрнандеске жылына 20 миллион еуро көлемінде жалақы ұсынуға дайын. Бұл француз қорғаушысының мансабындағы ең ірі қаржылық келісімдердің бірі болмақ.
Тео Эрнандес «Милан» сапында алты маусым ойнап, жалпы саны 262 матчқа қатысып, клуб тарихындағы ең тұрақты қорғаушылардың біріне айналды. Ол осы кезеңде өзін тек сенімді қорғаушы ғана емес, шабуылда шешуші рөл атқара алатын әмбебап ойыншы ретінде де көрсете білді.
Тео Эрнандес — қазіргі заманғы шабуылға бейім фулбэктердің бірі. Ол жылдамдығы мен дриблингі арқылы сол қанатта негізгі қаруға айналып, қорғаныстан шабуылға шапшаң қосылады. "Әл-Хилалдың" 3-5-2 схемасында фланг ойыншыларына ерекше рөл берілетіндіктен, Тео Индзагидің жүйесіне оңай бейімделеді. Сауд Про Лигасындағы кеңістіктер мен Малком, Митрович сияқты әріптестермен тандемде ол командаға қарқын мен креативтілік қосады.