
Англия Премьер-лигасында жаңа тарихи келісімшарт жасалды: «Манчестер Сити» және немістің спорттық киім өндірушісі PUMA жаңа 10 жылдық серіктестік жөнінде келісімге келді.
“Сити” Премьер-лига тарихындағы ең ірі коммерциялық келісімшарт жасасты. Киім-кешек келісімінің құны – 1 миллиард фунт стерлинг.
PUMA компаниясы 2019 жылдан бері «Сити» клубының техникалық серіктесі саналады. Жаңа келісім олардың ынтымақтастығын 2035 жылға дейін ұзартпақ.
Бұл келісімшарт «Манчестер Юнайтед» пен Adidas арасындағы 900 миллион фунттық келісімді де артта қалдырды. Бұған дейінгі рекорд дәл осы Adidas пен «Юнайтед» серіктестігіне тиесілі болған еді.
Forbes және The Athletic секілді сенімді басылымдардың хабарлауынша, жаңа келісім жылына шамамен 100 миллион фунттық табыс әкеледі, бұл футбол клубтарының қазіргі замандағы қаржылық тұрақтылығы мен коммерциялық өсімінің көрсеткіші.
PUMA компаниясының бас директоры Бьорн Гулден (Bjorn Gulden) The Athletic сайтына берген пікірінде былай деді:
“Біз «Ситимен» серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеріп отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл тек футбол киімі ғана емес, бұл — мәдениет, стиль және инновация туралы келісім.”
Ал клубтың коммерциялық директоры Роз Уоткинсон (Roas Watkinson) былай деді:
“Бұл келісім – біздің тұрақты табысымызды қамтамасыз етуге және жанкүйерлерге сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді.”