
Каталониялық «Барселона» клубы ресми түрде Ламин Ямальдың №10 жейде киетінін жариялады.
Бұл туралы клубтың Instagram парақшасы мен ресми баспасөз қызметі хабарлады.
«Біздің жаңа №10!» – деп жазды клуб өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында.
17 жастағы вундеркинд енді «Барса» тарихындағы ең құрметті нөмірдің жаңа иесі.
Ламин Ямаль енді №10 жейдені киген келесі жұлдыз болмақ. Бұл нөмірді бұған дейін: Диего Марадона, Ромарио, Ривалдо, Роналдиньо, Лионель Месси сияқты футбол аңыздары киген. Соңғы иесі – Ансу Фати, ол клубтан кеткен соң бұл нөмір бос тұрған болатын.
Sports.kz хабарлауынша, Ламин Ямаль қазіргі таңда әлемдегі ең қымбат футболшы.
Transfermarkt порталының мәліметінше:
«Барселона» жаңа дәуірді ресми түрде бастады. Ламин Ямаль — енді тек клубтың емес, әлем футболының басты тұлғаларының бірі. №10 нөмір — үлкен жауапкершілік пен сенімнің символы. Жанкүйерлер енді одан жаңа ерліктер күтеді.