Роналдудың досы "Әл-Насрға" бас директор болып тағайындалды
Осыған байланысты португалиялық футболшы пікір білдіріп, әлеуметтік желіде жылы жазба қалдырды. Бұл — португалдық жұлдыздың клубтағы ықпалының арта түскенін білдіре ме?
Криштиану Роналду досы, әрі бұрынғы командаласы Жозе Семеду «Әл-Наср» футбол клубына басшылық қызметке тағайындалды. Осыған байланысты футбол жұлдызы өз пікірін білдірді. Португалиялық шабуылшы әлеуметтік желідегі парақшасында Семедуге қолдау көрсетті.
Екі дос
Жозе Семеду жуырда «Әл-Наср» клубының уақытша бас директоры қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Роналдумен бірге «Спортинг Б» командасында ойнаған. Екі футболшы ұзақ жылдан бері жақын достар ретінде танымал.
«Сенімен мақтанамын! Қолымыздан келгеннің бәрін жасайық!» — деп жазды Криштиану Роналду өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Роналдудың клубтағы ықпалы артып келеді
Халықаралық БАҚ өкілдері бұл тағайындауды Роналдудың «Әл-Насрдағы» ықпалы күшейіп келе жатқанын көрсететін белгі ретінде бағалап отыр. Жозе Семедудің басқарушылық қызметке келуі клуб ішіндегі сенімді тұлғалар тізімін кеңейтіп отырғаны айтылды.
Роналдудың статистикасы
- 2023/24 маусымында: 41 матч өткізіп, 35 гол соқты. 4 нәтижелі пас берді.
- Келісімшарт мерзімі: жазғы трансферлік терезеге дейін — 2027 жылға дейін
- Transfermarkt порталының мәліметі бойынша нарықтық құны — €12 млн