Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әлем чемпионы Месси мен Роналдуды салыстырды

Редактор Penalty.kz
19.07.2025, 16:34

Анхель Ди Мария Месси мен Роналду арасындағы басты айырмашылықты ашық айтып, кімнің ерекше екенін нақты мысалдармен түсіндіріп берді. 

Sportburo.kz
Sportburo.kz

Футболдан әлем чемпионы, тәжірибелі жартылай қорғаушы Анхель Ди Мария Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды салыстырып, олардың басты айырмашылықтарын атап өтті. 

Ди Мария екеуімен де бірге ойнаған

Анхель Ди Мария Лионель Мессимен Аргентина құрамасында және ПСЖ сапында, ал Криштиану Роналдумен Мадридтің «Реал» клубында бір алаңда өнер көрсеткен. Сондықтан оның пікірі қос жұлдыз туралы ішкі көзқарасқа негізделген.

«Криштиану — бір буынның айрықша ойыншысы. Ал Месси — табиғатынан ерекше, сиқырлы. Бірінде (Мессиде) сегіз «Алтын доп» бар, ал екіншісінде (Роналдуда) — бесеу. Бұл — үлкен айырмашылық. Сонымен қатар, әлем чемпионы болу да — елеулі фактор. Біз оны әр ойында, әр минутта көреміз: біреуі ерекшелену үшін бар күшін салады, ал екіншісі жай ғана ойынынан ләззат алады», — деді Ди Мария.

Статистика тілімен:

  • Лионель Месси – 8 рет «Алтын доп» иегері. 2022 жылғы әлем чемпионы сондай-ақ, Аргентинамен Копа Америка жеңімпазы атанды. 
  • Криштиану Роналду – 5 рет «Алтын доп» иегері, Еуропа чемпионы (2016) және Ұлттар лигасының 2 дүркін жеңімпазы. 
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір