Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Интер» қуана қабылдады: Миландық клуб «Қайратпен» өтетін матч жайлы ойын білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:17

Миландық «Интердің» президенті Джузеппе Маротта 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребесінің қорытындысына пікір білдірді.

фото: ашық дереккөздерден алынған
фото: ашық дереккөздерден алынған

Жеребеден кейін «Интер» президенті Джузеппе Маротта ерекше қуанышын жасырған жоқ. Оның айтуынша, «Қайратпен» матчты өз алаңында өткізу — үлкен жеңілдік.

«Біз «Қайратпен» өз алаңымызда ойнайтынымызға қуаныштымыз. Алматыға жеті сағаттық ұшу — нағыз сынақ. Мен көрдім, «Реалға» сол сапарға баруға тура келеді екен. Біз үшін «Қайратты» «Сан-Сирода» қабылдау әлдеқайда қолайлы», — деді Маротта Sky арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 28 тамыз, Монакода 2025/26 маусымына арналған УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезең жеребесі өтті. Миландық «Интердің»қарсыластары мықтылардан құралды:

  • «Ливерпуль» (Англия)
  • «Боруссия» Дортмунд (Германия)
  • «Арсенал» (Англия)
  • «Атлетико» Мадрид (Испания)
  • «Славия» Прага (Чехия)
  • «Аякс» (Нидерланды)
  • «Юнион» (Бельгия)
  • және дебютант — Алматылық «Қайрат» (Қазақстан)

«Қайрат» үшін тарихи сын

Алматылық «Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде бақ сынамақ. Қазақстандық клуб еуропалық алпауыттарға қарсы тұрып, ел футбол тарихында жаңа белеске қадам басты.

Енді жанкүйерлерді толғандырған сұрақ — «Қайраттың» Алматыдағы матчтары қай стадионда өтеді? 

УЕФА бекіткен ресми кесте бұл мәселені алдағы уақытта нақтылайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір