Қазақстан құрамасы Қырғызстанда масқара болды

Сарапшы, спорт журналисі

Жас футболшыларымыз Тәжікстаннан оңбай жеңілді. 

Қазақстан құрамасы Қырғызстанда масқара болды
kff.kz

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-16) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан International Talents Cup турнирінде масқара болды. 

Ерлен Бекмұхаев шәкірттері турнирдегі үшінші ойында Тәжікстан құрамасынан ойсырай жеңілді. 

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қарсылас басымдық танытты:

  • 10-минутқа дейін — 0:2
  • 38-минутта — 0:3

Бірінші тайм соңында Мирас Салимов есеп айырмасын қысқартты.

Екінші таймда жағдай өзгермеді

Үзілістен кейін Тәжікстан құрамасы тағы екі гол соғып, есепті 5:1-ге жеткізді. Қазақстан құрамасы қарсылас қақпасына тек бір гол ғана соға алды. Оның авторы - Тамерлан Сарсымбаев. Қорытынды есеп — 5:2 Тәжікстанның пайдасына.

Айта кетейік, Қазақстан U-16 құрамасы бұған дейін:

  • Өзбекстанды — 1:0 есебімен жеңді;
  • Қырғызстаннан — 0:1 есебімен жеңілді.