ФИФА Президенті әлем чемпионаты билетінің бағасына түсініктеме берді

Сарапшы, спорт журналисі

Джанни Инфантино 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы билеттердің бағасы бойынша мәлімдеме жасады.

ФИФА Президенті әлем чемпионаты билетінің бағасына түсініктеме берді
ФИФА

Инфантиноның айтуынша, ФИФА-ның негізгі табыс көзі әлем чемпионаты. Ұйым коммерциялық емес болғандықтан, түскен қаржының бәрі әлемнің 211 еліндегі футболды дамытуға бағытталады.

ФИФА-ның жалғыз табыс әкелетін көзі футболдан әлем чемпионаты. ӘЧ төрт жылда бір рет өтеді. Біз бір айда тапқан табысты келесі чемпионат болғанша 47 ай бойы жұмсаймыз. 

2026 жылғы финал билеттер бағасы айтарлықтай қымбаттаған:

  • ең қымбат орындар - 10 990 доллар
  • екінші категория - 7 380 доллар
  • үшінші категория - 5 785 доллар

Сонымен қатар сатылым барысында динамикалық жүйе қолданылып, сұранысқа байланысты баға бірнеше рет көтерілген. Жанкүйерлер қазан айында сатылым басталғандағы баға мен қазіргі билетті салыстырып көрген. Әлем кубогындағы 104 матчтың шамамен 40 ойынындағы билет алдыңғыға қарағанда едәуір қымбат болған. Сондықтан, жанкүйерлер ұйымдары бағаға байланысты ресми шағым түсірген еді.

“Бұл – нарық талабы”

Президент билет бағасына қатысты сынға жауап беріп, мұны нарық заңдылығымен байланыстырды:

“Концертке немесе ұлттық футбол лига матчтарына барғанда ешкім бағаға шағымданбайды. Нарық талабы осындай.”

Иран чемпионатқа қатыса ма?

Жақында Федерация басшысы Иран құрамасын турнирге қатысады және футбол саясаттан бөлек болуы керек деп пікір білдірген. 

“Ирандық команда келуі керек, бұл анық. Ешқандай өзгеріс болмады. Ойыншылар ойнағысы келеді. Олар саясатпен емес, спортпен айналысуы керек"

2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы “Metlife Stadium” стадионында өтеді. Футбол сайысына алғаш рет 48 команда қатысып, жалпы 39 күнде барлығы 104 матч өткізіледі.