"ПСЖ" қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды

Футбол шолушысы

Францияның "Пари Сен-Жермен" клубы 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының иегері болды.

"ПСЖ" қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды
independent.co.uk

"Арсеналға" қарсы финал

"ПСЖ" финалда "Арсеналмен" шеберлік байқасты. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды.

Кездесудің 6-минутында Кай Хаверц лондондық команданы алға шығарды. Ал 65-минутта Усман Дембеле пенальтиді дәл орындап, таразы басын теңестіріп кетті. 

Қосымша уақытта екі команда да гол соға алмады. Ал матч соңындағы пенальти сериясында париждік клубтың жолы болды. Олар 4:3 есебімен жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының басты жүлдесін иеленді.

Париждік клуб тарихи жетістікке жетті

Осылайша "ПСЖ" қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Былтыр франциялық клуб финалда Миланның "Интерін" 5:0 есебімен ойсырата жеңген. 

Биылғы плей-офф кезеңінде "ПСЖ" Францияның "Монакосын", Англияның "Челси" мен "Ливерпулін", сондай-ақ Германияның "Бавариясын" жарыс жолынан шығарды.