Венгрия Қазақстанға қарсы матчқа құрамын жариялады
Құрамаға шақырылған ойыншылар қатарында "Ливерпуль" жұлдыздары да бар.
Венгрия ұлттық құрамасының бас бапкері Марко Росси Қазақстанмен өтетін жолдастық матчқа шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.
Қазақстан мен Венгрия арасындағы кездесу 9 маусым күні өтеді. Бұл ойын ұлттық құрамамыздың маусым айындағы сырт алаңдағы екінші жолдастық матчы болады.
Венгрия құрамында Собослаи мен Керкез бар
Венгрия құрамасының тізіміне Еуропаның бірқатар танымал клубында өнер көрсететін футболшылар енді. Олардың қатарында "Ливерпуль" жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи мен қорғаушы Милош Керкез бар.
Сондай-ақ Германия, Англия, Түркия, Австрия және басқа чемпионаттарда ойнайтын футболшылар да шақырту алды.
Венгрия құрамасының толық тізімі
- Қақпашылар:
Армин Печи ("Ливерпуль"), Петер Саппанош ("Пушкаш Академия"), Арон Яакобишвили ("Андорра"), Балаж Тот ("Блэкберн Роверс").
- Қорғаушылар:
Бендегуз Болла ("Рапид" Вена), Марк Чингер ("Дьер"), Мартон Дардаи ("Герта"), Милош Керкез ("Ливерпуль"), Акош Маркграф ("Пушкаш Академия"), Жольт Надь ("Пушкаш Академия"), Вилли Орбан ("РБ Лейпциг"), Аттила Ошват ("Ференцварош"), Корнел Сюч ("Войводина").
- Жартылай қорғаушылар:
Петер Барат ("Сигма" Оломоуц), Андраш Шефер ("Унион" Берлин), Каллум Стайлз ("Вест Бромвич Альбион"), Норберт Сендреи ("Залаэгерсег"), Доминик Собослаи ("Ливерпуль"), Тамаш Сюч ("Дебрецен"), Алекс Тот ("Борнмут"), Раймунд Тот ("Дьер"), Милан Виталиш ("Дьер").
- Шабуылшылар:
Жомбор Грубер ("Ференцварош"), Бендегуз Ковач ("АЗ Алкмар"), Даниэль Лукач ("Пушкаш Академия"), Дамир Реджич ("Ред Булл Зальцбург"), Роланд Шаллаи ("Галатасарай"), Саболч Шен ("Дьер"), Барнабаш Варга (AEK).
Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айында екі сырт алаңдағы жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 6 маусым күні Армениямен ойнайды. Одан кейін 9 маусымда Венгрия құрамасына қарсы матч өткізеді.