Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Ресейлік маманның айтуынша, келісімшарт заңдық тұрғыда әлі бұзылмаған.
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов әлі де бас бапкер. Себебі келісімшарт заң бойынша әлі бұзылмаған. Ресейлік жаттықтырушы sportnews.kz сайтына берген сұхбатында осылай деді.
Оның айтуынша, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды деген ақпарат қате.
"Футбол федерациясының президенті маған телефон арқылы хабарласып, келісімді бұзу туралы шешімін жеткізді. Бұндай жағдай футболда болып тұрады. Біз Марат Омаровпен байланысты үзбейміз және бір-бірімізге құрметімізді жоғалтпаймыз. Қазір менің заңгерлерім құжаттың тетіктерін қарастырып жатыр. Заң тұрғысында келісімшарт әлі бұзылмады. Мен әлі де Қазақстан құрамасының бас бапкерімін" - деді Станислав Черчесов.
Еске сала кетейік, бүгін ҚФФ ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовпен қош айтысқанын хабарлады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кететіні де белгілі болды.