Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қарсылас онша мықты емес": Лихтенштейн Қазақстаннан ұпай алуға үмітті

Сарапшы, спорт журналисі
23.03.2025, 22:25

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн мен Қазақстан арасындағы ойын алдында жергілікті БАҚ ұлттық құраманың жеңіске жету мүмкіндігін жоғары бағалап отыр. 

"Қарсылас онша мықты емес": Лихтенштейн Қазақстаннан ұпай алуға үмітті
sports.ru

Лихтенштейн Қазақстаннан ұпай алғысы келеді

"Іріктеудің екінші ойыны сейсенбі күні өтеді. Райнпаркштадионда Конрад Фюнфштюк жаттықтыратын Лихтенштейн құрамасы Қазақстан құрамасын қабылдайды. Бұл – Солтүстік Македониямен салыстырғанда әлсіздеу қарсылас. Сондықтан ұпай алуға нақты мүмкіндік бар", – деп жазады Лихтенштейн басылымы.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін Уэльспен өткен сырт алаңдағы матчта 1:3 есебімен жеңіліспен бастады. Ал Лихтенштейн өз алаңында Солтүстік Македониядан 0:3 есебімен ойсырай ұтылды.

Лихтенштейн – Қазақстан кездесуі 25 наурыздан 26-на қараған түні Вадуц қаласында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір