УЕФА Ұлттар лигасы: Жартылай финалдық жұптар анықталды (ВИДЕО)
УЕФА Ұлттар лигасының 1/4 финалындағы қарымта матчтар аяқталып, жартылай финалға жолдама алған командалар белгілі болды.
Жартылай финал жұптары:
- Германия — Португалия
- Испания — Франция
Ұлттар лигасының жартылай финалдық кездесулері 4 және 5 маусым күндері өтсе, үшінші орын үшін матч пен финал 8 маусымға жоспарланған. Барлық ойын Германияда өтеді.
Айта кетейік, Испания құрамасы — Ұлттар лигасының қазіргі жеңімпазы саналады. Өткен маусымның финалында олар Хорватияны пенальти сериясында (0:0, пенальти – 5:4) жеңіп, турнирдің басты трофейін иеленген болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?