ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Қайрат" үшін Чемпиондар лигасының финалы ірі есеппен аяқталды (ВИДЕО)

Алматының "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының финалында испаниялық "Картахена" командасынан ойсырай жеңілді. Францияның Ле-Ман қаласында өткен тарихи матч 9:4 есебімен аяқталды. 

"Картахена" алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін қолға алып, қарқынын бәсеңдетпеді. Матч барысында олардың ойыншылары келесі голдарды соқты:

  • Хесус Гордильо (7-мин)
  • Лукас Машадо (19-мин)
  • Марио Ривильос (19-мин)
  • Фабиньо — бірден 4 гол (23, 27, 28 және 31-мин)
  • Негиньо (32-мин)
  • Матеус Майя (38-мин)

"Қайрат" тарапынан гол авторлары:

  • Кайо Руис (9-мин)
  • Дәурен Тұрсағұлов (33-мин)
  • Жахангир Рашит (36-мин)
  • Кевин Аррьета (40-мин)

Егер "Қайрат" бұл финалда жеңіске жеткенде Чемпиондар лигасын үш мәрте ұтқан алғашқы Испаниядан тыс клуб ретінде тарихқа енер еді. Алайда бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Керісінше, "Картахена" испаниялық гегемонияны нығайтып, "Пальмадан" кейін осы турнирді қатарынан үш рет ұтқан тағы бір клуб ретінде тарихта қалды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.