
BMW Championship турнирінде күтпеген жағдай болды. Британ гольфшысы Томми Флитвуд шыбынның көмегімен допты лункаға түсіріп, турнирде төртінші орынға тұрақтады.
$20 млн жүлде қоры бар BMW Championship жарысында күтпеген оқиға орын алды. Британ гольфшысы Томми Флитвудтың добы лункаға шыбынның арқасында түсірді.
Шебердің соққысынан кейін доп лункадан бар-жоғы миллиметр қашықтықта тоқтап қалады. Дәл осы сәтте үстіне қонған шыбын допты аяғымен «итеріп», оны нысанаға жеткізген.
Бұл сәт көрермендерді күлкіге қарық қылып қана қоймай, турнир тарихындағы ең қызық эпизодтардың біріне айналды.
Аталған эпизодтың арқасында Томми Флитвуд жалпы есепте төртінші орынға ие болды. Ол бұл жетістігі үшін шамамен 500 млн теңгеге тең сыйақы алды.
Айта кетейік, BMW Championship – әлемнің ең беделді гольф турнирлерінің бірі.